Шығыс шайыры Низами Гәнжәуи туындыларының қолжазбасы Түркиядан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Ұлттық ғылым академия­сы Гянджа бөлімшесінің қызметкерлері Түркиядан Шығыстың жеті жұлдызының бірі Низами Гәнжәуи ту­ын­дыларының қол­жазбаларын тауып қайтты.
None
None

Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газеті» бүгінгі санында жариялады.

Анадолы же­ріне арнайы іссапармен жіберілген олар мұнда айлап жұмыс жасаған. Осы уақыт аралығында ғылыми қыз­мет­керлер Гянджаның әскери-саяси және эко­номикалық тарихына қатысты 181 архив­тік құжат жинап алды.

Іздеушілер Ыстамбұлдың Сүлеймания кітапханасынан Әзербайжанға сондай-ақ, Низами Гәнжәуидің түпнұсқасы Франция ұлттық кітапханасында сақтаулы тұрған 1365 туындысының 649-ының көшірмесін ала келген. Бұдан бөлек, «Хамсаға» арналған жазбалардың 25 миниатюралық көшірмесі де әкелінген.

Зерттеу жұмыстары кезінде, сол сияқ­ты, Кавказдың тарихына қатысты көп­теген кітаптар мен миниатюралар қол­жазбаларының көшірмелері алын­ған. Бұлар­дың бәрі өткен сенбі күні Әзер­бай­жан Ұлттық ғылым академиясына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар