Шығыс Тимор мен Индонезиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 157-ге жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индонезия мен Шығыс Тимордағы су тасқыны мен көшкін салдарынан 157 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.

Шығыс Тимор мен Индонезиядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 157-ге жетті

Индонезияның табиғи апаттарды жою агенттігінің хабарлауынша, аралдарда мерт болғандар саны 130-ға жеткен, ал Шығыс Тиморда 27 адам көз жұмған.

Reuters дүйсенбі күні жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, 113 адам Шығыс Тимор мен Индонезиядағы апат құрбаны болғанын хабарлаған болатын.