«Шығыс Түркістанның исламдық қозғалысына» қарсы күресте Қытай басқа елдердің де қолдауына мүдделі

БЕЙЖІҢ. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - «Шығыс Түркістанның исламдық қозғалысы» лаңкестік ұйымымен күресу тек Қытай үшін ғана емес, халықаралық қоғамдастықтың, оның ішінде АҚШ-тың мүддесі үшін де керек.

«Шығыс  Түркістанның  исламдық қозғалысына»  қарсы күресте    Қытай басқа  елдердің   де  қолдауына   мүдделі
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Бейжіңде өткен тұрақты брифингте Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй лаңкестік ұйымның жоғарғы жақтағы өкілдеріне қарсы санкция енгізілгені туралы АҚШ Қаржы министрлігінің хабарламасына осындай түсініктеме берген. Қытай дипломаты, аталмыш ұйымның және Шығыс Түркістанның басқа да лаңкестік күштерінің Қытайға қарсы іріткі әрекеттері адам құрбандықтары мен материалдық шығындар әкелуде, бұл Қытайдың ғана емес, көрші елдер мен аймақтың қауіпсіздігіне әсер етуде. Сондықтан да Қытай «лаңкестік күресу жолында теңдік және өзара тиімділік қағидасы негізінде барлық елдермен бірлесіп әрекет етпек».