«Шығысэнерготрейд» серіктестігі тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасады деп айыпталып отыр

АСТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат - «Шығысэнерготрейд» серіктестігі тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасады деп айыпталып отыр.
None
None

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметі ведомство басқармасының 13-ші мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлім етті.

«Шығысэнерготрейд» серіктестігіне қатысты тексерулер аяқталды. Серіктестік электр энергиясын бөлшек сатуда өзінің басымдықты жағдайын асыра пайдаланған, нәтижесінде тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым көрсетілген», деп нақтылайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Серіктестікке салынатын айыппұлдың жалпы сомасы 500 миллионға жуық теңгені құрауы мүмкін. Материалдар сотқа жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар