Шығысқазақстандық 60 дәрігер шетелде біліктілік арттыруда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында қыркүйек айынан бастап 60 медицина қызметкері шетелде біліктілік арттыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығысқазақстандық 60 дәрігер шетелде біліктілік арттыруда

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір дәрігерлерін шетелдің жетекші клиникаларында онкология, кардиология және кар­диохирургия, инсульт орталықтары, нейрохирургия, медициналық оңалту, акушерлік және гинекология сияқты басым бағыттар бойынша оқиды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап 60 маман Из­раиль, Польша, Ресейдің жетекші клиникаларында біліктілік арттырып жа­тыр.

«Ауруларды бастапқы кезеңде анық­тау үшін жыл басынан бері 449,4 мың адам скринингтен өттін. 220 телемедициналық кон­­сультация өткізілді. Семей қа­ла­сында Ядролық медицина орталығы пайдалануға берілді. Өскемендегі реанимация, маммология және гинекология, онкология және хирургия бөлімшелерінің опера­ция­лық блогы жаңғыртылды. Үржар ауданы Қабанбай ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталуда», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, өңір бойынша жеті медициналық және фельдшер-акушер пункттерінде күрделі жөн­деу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл­дың басынан бастап емха­на­ларда 6,7 миллион келуші тір­ке­ліп, стационарларда емделгендер са­ны 193,8 мың адамға жеткен.