Шығысқазақстандық балуан еркін күрестен Әлем чемпионы атанды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығысқазақстандық балуан Дарын Әскербек Италияда өткен еркін күрестен әлем чемпионатының финалында америкалық қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дарын Әскербек Италияның Рим қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады.

Балуан Хусанбой Усмоновты (Өзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңіп, жартылай финалда неміс Яннис Ребгольцпен шықты.

Қарсыласынан басым түскен ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тіз бүктіріп, әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, еркін күрестен Қазақстан қоржынына соңғы алтын 2013 жылы бұйырған болатын.


Соңғы жаңалықтар