Шығысқазақстандықтар «Астана 20 жыл» медалімен марапатталды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Елорданың мерейтойы қарсаңында әр салада еңбек етіп жүрген шығысқазақстандықтар «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімі Даниал Ахметов марапатталғандарға Елбасы аманатын табыс етіп, атқарған қызметтеріне алғысын білдірді.
«Еліміздің мерейлі мерейтойы - Астанамыздың 20 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Мемлекетіміздің болашағы үшін бірге еңбек етіп, жетістіктеріне бірге қуанайық!» - деді Даниал Ахметов.
Аталмыш медаль Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы №706 Жарлығына сәйкес Қазақстанның және оның Астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан жандарға табысталуда.
Олардың арасында облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Айтқазы Шерубаев, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы Әлібек Қаңтарбаев, ШҚО ҚХА сараптама кеңесінің мүшесі Люция Абдуллина, «Камышинское - 2» ЖШС директоры Владимир Акулов, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Майраш Екібасова, облыстық мешіттің бас имамы Ермек қажы Мұқатай және өзге де азаматтар бар.
«Астана. Тәуелсіздік. Астана. Осы үш қастерлі сөз ошақтың үш бұтындай тұтас бір ұғымға айналғалы ширек ғасыр болып қалды. Астананы Арқа төріне көшіру идеясын алғаш қолдап әкеткен қосшылардың басында Даниал Ахметовтің өзі болды. Экономикалық тұрғыдан ауыр кезеңде Үкімет тізгінін ұстап, Елорданың еңсе ктіктеуіне елеулі үлес қосқан адамның қолынан мерейтой медалін лауымыздың өзінде символикалық мән бар» - деді медаль иегері Әлібек Қаңтарбаев.
Жалпы осы медаль облыс бойынша 120-ға жуық абыройлы азаматқа берілмек.