Шығыстағы Қытаймен шекарадағы жол ауа райына байланысты жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызды жол ішінара жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
None
«Бүгін сағат 19:30 бастап Омск-Майқапшағай» тасжолының 1087-1321 шақырымы, Богас кентінен- Қытай шекарасына дейінгі аумақ барлық көлік түрлері үшін жабылды», - делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД хабарламасына қарағанда, «Өскемен-Тарғын-Самар» тасжолының 88-145 шақырымында да (Жоғары Тайынты мен Самар ауылдарының аралығы) көлік қозғалысына тыйым салынды.
Соңғы жаңалықтар