Шылымқор маймыл оңалту орталығына жіберілетін болды

АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Индонезияның Орталық Ява провинциясының Суракарта қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкерлері маймылдардың бірін оңалту орталығына жіберуге шешім қабылдады.

Шылымқор маймыл оңалту орталығына жіберілетін болды

Bikya Masr агенттігінің хабарлауынша, Тори деп аталатын ұрғашы маймылды темекі шегуден бас тартуды үйренуі үшін хайуанаттар бағынан басқа жаққа апармақ. Ол шылымқорлыққа осыдан бірнеше жыл бұрын үйренген екен.

Хайуанаттар бағы қызметкерлерінің атап өтуінше, Тори келушілер лақтырып тастайтын темекі тұқылдарын шегіп үйреніп, қазіргі уақытта нағыз шылымқорға айналған. Ендігі уақытта оның қасына тағы бір маймыл қосып, оңаша аралға жіберу мәселесі қарастырылуда.