11:35, 20 Қаңтар 2020 | GMT +5
Шымбұлақ, Алтай Альпілері мен Нұртау – ТМД-ның үздік курорттары
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ТМД елдерінің үздік тау-шаңғылы курорттарының рейтингін жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТурСтат порталына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінде, ТМД елдеріндегі үздік тау-шаңғылы курорттары Қазақстан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан мен Арменияда орналасқан.
«Туристер жиі баратын тау-шаңғылы курорттардың алғашқы үздік ондығына Қазақстандағы тау-шаңғылы курорттары Шымбұлақ, Алтай Альпілері мен Нұртау, Беларусьтегі Логойск пен Силичи, Әзербайжандағы Шахдаг пен Туфандаг, Армениядағы Цахкадзор, Қырғыз Республикасындағы Қаракөл, Өзбекстандағы Шымған кіреді», - делінген хабарламада.
ТОП10 кірген Шымбұлақ Алматы, ал Алтай Альпілері мен Нұртау тау-шаңғылы курорттары Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.