Шымбұлақ аспалы жолы уақытша жабылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Шымбұлақ пен Медеудегі аспалы жолдар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қысқы маусымдағы үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында барлық аспалы және гандол жолдарында жыл сайынғы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондықтан бұл нысандар биыл 1-31 қазан аралығында жабық тұрады.
Айта кету керек, Шымбұлақ кешеніндегі қонақ үйлер мен мейрамханалар штаттық режімде жұмыс істейді. Сонымен қатар, арқанды парк пен акробатикалық батут сенбі және жексенбі күндері ғана туристер мен қала тұрғындарын қабылдайды.