Шымбұлақ тау шаңғысы базасында сноуборд пен тау шаңғысынан Алматы қалысының тұңғыш ашық чемпионаты өтеді
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - 2 наурызда Шымбұлақ тау шаңғысы базасында сноуборд пен тау шаңғысынан Алматы қаласының World Class Open 2013 тұңғыш ашық чемпионаты өтеді, деп хабарлады жарысты ұйымдастырушы WorldClassAlmaty фитнес-клубы.
Чемпионатқа 18 жасқа дейінгі тау шаңғысы спорты әуесқойлары шақырылып отыр. Оған шамамен 150 адам қатыспақ. Жарыс Алматы қаласында олимпиадалық спорт түрі - сноуборд пен тау шаңғысын кеңінен тарату, жұртшылық арасында спорттық-бұқаралық жұмыстарды ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, талантты спортшыларды анықтау болмақ.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ескерткіш сыйлықтар мен грамоталар тапсырылады.