«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты демалыс күндері жабық болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының жұмыс кестесінде өзгеріс пайда болды. Осы аптаның соңында кешен жабық болады. Бұл туралы «Шымбұлақ» кешенінің Фейсбуктегі парақшасында мәлім етілген.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты демалыс күндері жабық болады

Желтоқсанның 13-14 күндері «Шымбұлақ» ТШК Қазақстанның төтенше жағдайда әрекет ету қызметтерінің қар көшкінінің алдын алу бойынша біріккен оқу-жаттығу шаралары өтеді.

Шараға қалалық ТЖД, ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің, Республикалық жедел құтқару жасағының, апат медицинасы орталығы, Қазселденқорғау, қалалық құтқару қызметінің өкілдері ат салысады.