Шымбұлақ тау шаңғысы курортына келген спортшылар жұмсаған әр еуро 10 есе кіріс әкеледі
ал 50 шақырымдық радиустағы өзге курорттарға - 6 еуро кіріс кіргізеді. Бұл бүгін Алматыда өткен «ҚР-ның 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласында туризм саласын дамыту» деп аталатын республикалық семинарда сөз болды.
«Шымбұлақ тау шаңғысы курорты қазір спортшылардың ғана отбасылық демалыс орнына айналды. Медеу мен Шымбұлақ спорт кешендері арасындағы 4 572 метр аспалы жол сағатына 2 мың адамға қызмет көрсете алады. Ұзындығы бойынша ол АҚШ-тағы Келлог (4 979 метр) пен Франциядағы Орель (4 942 метр) аспалы жолдарынан кейін әлемде үшінші орны алады. Биыл Медеудегі базалық стансы мен Шымбұлақтағы жаңа ғимараттар іске қосылады. Енді курорттың өткізу мүмкіндігі күніне 5 мың адамды құрайды. Бұл ондағы бұған дейінгі жылдардағы көрсеткіштен 6 есе артық», - дейді «Chimbulak Development» ЖШС-нің атқарушы ассистенті Игорь Гаянов. Оның айтуынша, Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамытуға жұмсалған инвестицияның көлемі 200 миллион долларды құрайды. Ол Қазкоммерцбанк пен Қазақстан даму банкінен несиеге алынған.