14:48, 04 Шілде 2010 | GMT +5
«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында Down Hill бойынша Алматы чемпионатының бірінші кезеңі өтуде
ЛМАТЫ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты аумағында Down Hill бойынша Алматы чемпионатының бірінші кезеңі өтуде, ол нашарқорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күніне арналып отыр.

Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттпау және халықң, әсіресе жастардың назарын қоғамның өткір проблемалары - нашақорлыққа, есірткі бизнесіне, АҚТҚ/ЖҚТБ-ға, сондай-ақ АҚТҚ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушіліктің келеңсіз әсерін төмендету.
Чемпионатқа Қазақстаннан, Қырғызстан мен Ресейден 100-ге тарта күшті спортшылар қатысуда. Жарыс төрт жас санаты бойынша өткізілуде.
Жол тау шаңғысы курорты беткейімен өтеді, ұзындығы - 2030 м, биіктік құбылуы - 500 м.
DownHill - экстремалдық спорт түрі. Онда велиосипедшілер қатты жылдамдықта секіру, шұғыл бұрылыстар жасау, ұшып өту сияқты табиғи және жасанды кедергілерден өтеді.