Шымбұлақ ТМД шаңғы курорттарының рейтингінде көш бастап тұр

Рейтинг жаңа жыл мерекесі күндерінде 2016 жылдың 30 желтоқсаны мен 2017 жылдың 8 қаңтары арасында қонақ үйлер мен апартамент нөмірлерін іздеу және броньдау негізінде құрылды.
Рейтингке Қазақстан, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Украина, Өзбекстан және Қырғызстанның курортты орындары кірді.
ТурСтат сараптамалық агенттігінің мәліметінше, ТМД және жақын шетелдердегі шаңғы курорттарында ресейліктердің қысқы демалысқа деген сұранысы өткен қыспен салыстырғанда 15%-ға өскен.
Жаңажылдық демалыс үшін ТМД және жақын шетелдердегі шаңғы курортының кең тараған топ-10-на Шымбұлақ (Қазақстан), Гудаури (Грузия), Логойск (Белоруссия), Шахдаг (Әзербайжан), Цахкадзор (Армения), Бакуриани (Грузия), Буковель (Украина), Чимган (Өзбекстан), Қаракөл (Қырғызстан) және Силичи (Беларусь) кіреді.
RoomGuru.ru мәліметінше, шаңғы курорттарының арасында ең арзаны Чимганда, ал ең қымбаты Шымбұлақта. Демалыс бюджетіне қонақ үй немесе апартаменттердегі бір тәуліктегі орташа құны, дәмхана немесе ски-пастағы түскі ас кірді.
ТМД елдерінің кең тараған (танымал) 10 шаңғы курорты:
1. Шымбұлақ (Алматы, Қазақстан), $78
2. Гудаури (Тбилиси, Грузия), $65
3. Логойск (Минск, Белоруссия), $52
4. Шахдаг (Баку, Әзербайжан), $58
5. Цахкадзор (Ереван, Армения), $60
6. Бакуриани (Тбилиси, Грузия), $68
7. Буковель (Львов, Украина), $56
8. Чимган (Ташкент, Өзбекстан), $48
9. Каракол (Бішкек, Қырғызстан), $50
10. Силичи (Минск, Беларусь), $52
Ресейлік тау-шаңғы курорттарының арасында үздік ондықта Роза Хутор (Краснодар өлкесі, Сочи, Красная Поляна), Шерегеш (Кемеров облысы), Домбай (Карачаево-Черкесия), Приэльбрусье (Кабардино-Балкария), Белокуриха (Алтай өлкесі), Завьялиха (Челябі облысы), Абзаково (Башқұртстан), Большой Вудъявр (Мурман облысы), Бобровый лог (Красноярск өлкесі) және Гора Соболиная (Иркутск облысы).