Шымбұлақта сноубордшы қар көшкіні астында қалып, мерт болды
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы аумағындағы тау шатқалында адам өлімі орын алды.
Төтенше жағдай «Шымбұлақ» таушаңғысы базасында 16 с. 52 мин. орын алды. ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 жастағы сноубордшының төмен қарай сырғанауы қар көшкініне себеп болған. 19 с. 12 мин қаза тапқан азаматтың денесі табылды.