14:51, 18 Наурыз 2020 | GMT +5
Шымкент әкімдігі жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді маска тігуге шақырды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді әкімдік маска тігуге шақырды. Бұл туралы бүгін әкімік пен бірқатар басқармалар әлеуметтік желідегі парақшаларында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыз-келіншектер! Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы бірқатар тігін цехтарына маска тігетін азаматтар қажет. Ниет білдіргендер қалалық жұмыспен қамту орталығына жеке куәлігімен келуін сұраймыз. Біздің мекенжайымыз: Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а С.Бәйтереков көшесі, 89» делінген хабарламада.
Айта кетейік, еліміздің үшінші мегаполисінде масқа тапшылығы туындап отыр. Осыған байланысты кешеден бері бірқатар тігін фабрикалары мен шағын цехтар медициналық маска шығара бастаған болатын.