Шымкент әкімі қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты (ФОТО)
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қала əкімі Ғабидолла Əбдірахымов қала көшелерінің жағдайын көріп қайтты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сапалы жолдар - жол козғалысы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігінің жəне өмірі мен денсаулығының кепілі! Осыған байланысты қала əкімі Ғ.Əбдірахымов қаладағы көшелерді аралап көріп шықты. Жолдардың жағдайын тексеру барысында бірнеше кемшіліктер анықталды.
Мысалы, әл-Фараби көшесінде аяқ жолдың плита тақтайшалары толығымен қойылмаған жəне жолдың жағасындағы арықтардың беттері темір торлармен жабылмағандықтан адамдар аяқ жолдарға шығу үшін арықтардан аттап өтуге мəжбүр болуда. Сонымен қатар, бірнеше автобус аялдамаларында отыратын орындықтардың жоқтығы аныкталып, қала басшысы əкімдік қызметкерлеріне алдағы уақытта орын алған кемшіліктерді жойып, жолдың жағдайын үнемі бақылап отыруды тапсырды.