Шымкент ардагерлері мереке құрметіне 1,1 млн теңгеден алады

«Бұл қаражат ардагерлердің есепшоттарына аударылады. Оны алу үшін ешқандай құжат жинаудың қажеті жоқ. Себебі, біз зейнетақы төлеу орталығынан арнайы тізім аламыз. Сондай-ақ қалада соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтар бар. Оларға 36 АЕК – 110 260 теңгеден төленеді. Бұдан бөлек 2500-ден астам тыл ардагеріне 12 АЕК беріледі, ол – 36 756 теңге. Бұл қаражаттар да бірреттік есепшоттарына түседі»,- дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы Ұлдана Бекбау.
Қаржылай көмектен бұрын аталған азаматтарға шипажайларға да жолдамалар беріледі. Сондай-ақ жылына екі рет басылымдарға жазылуға мүмкіндігі бар. Айта кетейік, қаладағы ардагерлер саны жыл санап азайып келеді. Қазір үшінші мегаполисте 7 соғыс ардагері тұрып жатыр. Олардың ең қарты биыл желтоқсан айында 100 жасқа толады. Ал өткен жылы осы уақытта 21 соғыс ардагерінің көзі тірі еді.