Шымкент әуежайы қайтадан штаттық режимде жұмыс істеп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы әуежайда рейстерге қойылған шектеу болжанған мерзімнен бұрын алынып тасталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Шымкент әуежайы қайтадан штаттық режимде жұмыс істеп тұр

«Бүгін таңғы сағат 06:30-ға жоспарланған SCAT әуе компаниясының DV 701 рейсі кесте бойынша ұшты. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 15 желтоқсанда сағат 16:00-ден бастап Шымкент әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылып, 10-нан астам рейс тоқтатылған еді.