Шымкент әуежайына «жарылғыш зат» қойылды деген хабар тарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық әуежайына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Полиция қалыптасқан жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент әуежайына «жарылғыш зат» қойылды деген хабар тарады

«7 сәуір күні Шымкент стансасындағы полицияның желілік бөлімінде аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабына сәйкес «Лаңкестік акт туралы жалған хабарлама тарату» ретінде тіркелді», - делінген көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратта айтылғандай қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес тергеу басқа ақпарат таратуға жатпайды.

Еске сала кетейік, таяуда осыған ұқсас оқиға елордада болды.

Одан бөлек, Қазақстанның бірнеше қаласында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалар түсті. Ол туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәлім еткен еді.


Фото: aeroport.kz