Шымкент әуежайында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рейс кейінге шегерілді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент әуежайында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше рейстің ұшу уақыты шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана әуежайының электронды кестесіне сәйкес, Шымкент-Астана бағытындағы SCAT әуекомпаниясына тиесілі DV701 рейсі 6 сағатқа шегерілген.
Аталған әуекомпанияның баспасөз қызметі рейстердің кейінге шегерілуі ауа райының қолайсыздығымен байланысты екендігін түсіндірді. Мұнда қар жауып, қою тұман түскен.
Сондай-ақ, Air Astana әуекомпаниясының да Шымкенттен Астанаға қатынайтын KC352 және Алматыға ұшатын КС 972 рейстері уақытша тоқтатылған.