Шымкент әуежайының жаңа терминалы қашан салынады
«Аэродром жабындарының дұрыс емес жағдайы ұшу қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін және дамуды тежейтін фактор саналады. Астана қаласының әуежайындағы қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген. Осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бүгінгі таңда олардың жағдайы өте қиын. Өйткені 2 жөндеу мерзімі кешіктірілді. Осыған байланысты, «Астана қаласы әуежайының инфрақұрылымын күрделі жөндеу және жаңғырту» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Бюджеттік өтінімді қалыптастыру үшін құжаттамалар дайындалуда», - деді министр.
Оның айтуынша, бұл жұмысты жеделдету үшін Индустрия министрлігі Қаржы министрлігімен құжаттарды пысықтап жатыр.
«Тағы бір мәселе, Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысы созылып кетті. Пайдалануға беру мерзімі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына белгіленген еді. Алайда, сот ісіне және жер учаскесін уақтылы бөлмеуге байланысты бірқатар себептермен құрылыс процесі 4 жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді. Шымкент қаласының әкімдігі биыл жобаны аяқтау бойынша барлық қажетті іс-шараны қабылдауы қажет. Атап айтқанда, бағалау сараптамасын жүргізіп, жер учаскесін беру рәсімдерін жеделдетуі тиіс», - деді Марат Қарабаев.