Шымкент базарларында мектептің мөрі басылған кітаптар сатылып жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің базарларында мектептің мөрі басылған кітаптар саудалануда. Осындай оқулықтар мен қосымшалардың суретін қала тұрғындары әлеуметтік желілерге салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Whatsap желісіне таралған кітапшаларда Сарыағаш және Сайрам ауданындағы мектептің мөрін көруге болады. Оқу жылының басында қызу талқыға түскен мәселеге бүгін Түркістан облыстық білім басқармасының өкілдері түсініктеме берді. Ресми мәлімдемеге сәйкес, оқуға қосымша жұмыс құралындағы мектеп мөрі Сарыағаш ауданындағы орта мектептің атауымен сәйкес келеді.

null «Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты облыс аумағындағы кітап сату орындары жеке кәсіпкерлердің меншігінде. Оқуға қосымша жұмыс құралындағы мектеп мөрі Сарыағаш ауданындағы орта мектептің атауымен сәйкес келеді. Бірақ, Сарыағаш ауданы оқушыларға осы оқу жылында тегін таратылатын, мектептің кітапханасына өткізілетін дәптер сатып алмағандығын хабарлаймыз. Сонымен қатар, бұл құралдар ата-аналардан талап етілмейді. Орын алған мәселеге қатысты бүгінде облыстық білім басқармасынан арнайы зерделеу тобы өз жұмысын бастады. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады»,- делінген Түркістан облыстық білім басқармасы таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram