Шымкент қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 2016 жылы 96 пәтер тапсырылатын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ - «Нұрлы Жол» аясында жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыратын операторлардың бірі.
None
None

Бағдарламаның маңыздылығын, өзектілігін және әлеуметтік сипатын ескере отырып мемлекет оның анық болуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-шараларды қабылдауда. Осы мақсатта ағымдағы жылы компания бағдарлама аясында бөлінетін объектілер бойынша турлар өткізіп жатыр, сол арқылы республика азаматтары бағдарламаны іске асыру барысына, құрылыс жұмыстары барысына, алдағы уақытта бағдарламаға қатысушылар тұратын тұрғын үй сапасы сақталуына тікелей бақылау жүргізе алады, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы 24 маусымда бағдарлама аясында кейіннен өткізу үшін Компаниямен сатып алынатын Шымкент қаласындағы объектіге БАҚ-ның өкілдері, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ның Басшылары келді. 96 пәтер бөлуге ұсынылатын болады, оның жалпы алаңы 5,4 мың ш.м. Оның ішінде - 24 бір бөлмелі пәтер (40,51 м2), 48 екі бөлмелі пәтер (54,38 м2 бастап 55,2 м2 дейін), 24 үш бөлмелі пәтер  (67,5 м2 бастап). Қазіргі уақытта Төлеметов көшесінің бойында орналасқан, сатып алынатын объектіде құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, құрылысшы - «Отау-Строй» ЖШС. Пәтерлерді ағымдағы жылы желтоқсанда тапсыру жоспарланып отыр, олардың барлығы таза әрленген және газ плитасымен жабдықталады.

«Бұған қоса 2016 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидаттары негізінде «Түркістан қ., ШҚО айналма жол бойында көп қабатты тұрғын үй құрылысы» жобасын бірлесіп іске асыру туралы шартқа отырды. Бұл жалпы алаңы  7,8 мың ш.м. болатын 144 пәтер. Олардың - 36-сы бір бөлмелі пәтер (39,68 м2), 72 екі бөлмелі пәтер (54,39 м2 бастап 55,21 м2 аралығында), 36 үш бөлмелі пәтер (68,48 м2 бастап)», - деп атап өтті «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-ының Басқарма төрағасының орынбасары Болат Досмұхаметов.  

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ және «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы - «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағдарлама аясында Шымкент қаласында жалпы алаңы 51 мың шаршы метр болатын  900 пәтердің құрылысын жүргізуде. Олардың 300-і бір бөлмелі (42 м2), 300-і екі бөлмелі (54 м2), қалған 300-і үш бөлмелі (от 74 м2) пәтерлер. Осылайша  2016 жылы барлық Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы алаңы 64,2 мың ш.м. болатын 1 140 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен еліміз бойынша ағымдағы жылы барлығы 326 мың ш.м. аса пәтерді пайдалануға беруді жоспарлауда.

2015 ж. Шымкент қаласында «Бәйтерек» холдингісінің қолдауымен  Компаниямен  85,7 мың ш. м. немесе 1,5 мыңнан аса пәтер пайдалануға берілді. Қызмет қорытындысы бойынша 2015 жылы Компания барлығы жалпы алаңы 425,4 мың ш. м. болатын  7234 пәтерді пайдалануға берді. 2015 жылы жалға берілетін тұрғын үйлерді тапсырудың нақты көлемі  24,3 мың шаршы метрден асып түсті, Бағдарламаның  жоспарлық көрсеткіші - 401,1 мың ш. м. Тұрғын ұй алаңдары Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз қалаларында, сонымен қатара Алматы, Ақмола және Шығыс - Қазақстан облыстарында пайдалануға берілді.

Бағдарлама қатысушылары үшін жалға берілетін тұрғын үйлердің ең жоғарғы құны Алматы және Астана қалаларында 1 120 теңге, аймақтарда, сонымен қатар Шымкент қаласында   923 теңге.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» желісі бойынша жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды таңдау мен тұрғын үйлерді бөлумен тікелей айналысатын жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар қатыса алады. Бұл тұлғаларға азаматтардың әлеуметтік осал санатына жататын, соның ішінде көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар және оларды  тәрбиелеп отырған отбасылары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметкерлер,  әскери қызметкерлер,  арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері жатады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.  Холдингке кіретіндер: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС. Холдинг осы компаниялардың акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену және пайдалану құқығына ие. 

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік қамтылуы, зейнетақы, жәрдемақы, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлердің  жалақысы, студенттердің шәкіртақысы, тұрғын үймен, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім беру мәселелеріне Елбасы ерекше назар аударып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында, 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында, 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарында мемлекет саясатының осы бағытына басымдық беріледі.

«Біздің экспорттық шикізат ресурстарына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып келуде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына оңай емес, алайда, нақты міндет - барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр», - деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы.

Серпінді экономикалық өсім көптеген жылдар бойы бізге белсенді әлеуметтік саясат жүргізіп, адамдардың өмір сапасын бірнеше есе арттыруға мүмкіндік берді. Барлық жаһандық дағдарыстардың теріс ықпалына байланысты экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, біз әркез қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырып келдік. Он жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік шығындар нақты көрсеткіш бойынша 3 есеге жуық өсті. Әлеуметтік сала мен мемлекеттік басқаруда жұмыс істейтіндердің саны 1,2 миллион адамнан асады. Мемлекет жәрдемақы мен төлемдердің үлкен көлемін қамтамасыз етуде. Оларды 1,5 миллионнан астам азамат алады.

«Экономикалық тәуекелдерге, жалпы, ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз. Мен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда - 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі - 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын жариялаймын. Мұнда бюджет қызметкерлерінің түрлі категорияларына қатысты сараланған тәсіл қолданған ұтымды. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылардың 25 пайыздық өсімі, сондай-ақ, стипендиялар қамтамасыз етілетін болады. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біз инфляция  деңгейінің алдын ала отырып, ынтымақты зейнетақыны 2 пайызға индекстейміз. 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға арттырылатын болады. Бұл мақсаттарға қаржыны біз бюджеттік шығындарды оңтайландырғаннан кейін үнемдейміз. Осылайша біз еңбекақыны өсіру үшін қаржы тауып, өзіміздің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерімізді орындаймыз!

Мен барлық әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған жіктерге сөзімді арнамақпын. Біз мұқтаждарға қашанда көмек қолын созып келдік. Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік бұрмаланбауы тиіс. Өйткені, әрбір әлеуметтік төлем - бұл жай бюджетке ғана емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа қосымша салмақ. Әлеуметтік әділеттілік идеясы жұмыс істейтін қазақстандықтарға қатысты әлеуметтік әділетсіздікке айналмауы тиістігін нақты түсіну керек. Бұл - солардың ақшасы!

Бүгін де тек Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы  ғана  сыртқы сілкіністерге орнықты, тиімді экономиканың нақты негізі болуға қабілетті. Азаматтарға әлеуметтік қолдауды кеңейту мақсатында Үкіметке 2016 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасауды тапсырамын. Бағдарламаларды қаржыландыру көлемі 2009-2010 жылдары жүзеге асырылған осыған ұқсас Жол картасымен салыстырғанда ұлғайтылатын болуы тиіс. Бұл жергілікті инфрақұрылымдарды дамыту мен елді мекендерді абаттандыру жобалары есебінен еңбек рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ететін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ұйымдастырылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесиелеу кеңеюде.

Бүгін мен жаңа әлеуметтік саясат жасау міндетін қоямын. Мемлекеттің әлеуметтік саладағы рөлі әлсіз қорғалған азаматтарды қолдаумен және адам капиталына инвестицияларды қамтамасыз етумен шектелетін болуы тиіс. Атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде, көрсетілетін болады. Басқалар ақшаны өздері, өздерінің еңбектерімен табулары тиіс. Азаматтарымыздың жекелеген топтарының ерекше сұраныстарын ескере отырып, өмір сүрудің ең төменгі деңгейінің құрылымдарын қайта қарау және оның түрлі деңгейлерін белгілеу қажет. Үкіметке үш ай ішінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін оңтайландыру бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын.

Еңбек ете алатындарға мемлекеттік қолдау тек олардың қайта оқуға немесе еңбекпен қамту бағдарламаларына қатысулары негізінде ұсынылатын болуы тиіс. Үкіметке әлеуметтік көмектің мұндай түрлерін 2017 жылдан бастап енгізуді тапсырамын. Әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы адам капиталын дамытуға кең ауқымды инвестициялар болуы тиіс. Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба - «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын», деп атап өтті Елбасы.

«Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды», деген болатын Мемлекет басшысы.

Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие және, әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген. 2014-2015 жылдары шағын және орта бизнесті дамытуға 1 триллион теңге бөлініп үлгерілген болатын. «Нұрлы Жол» бағдарламалары жобаларына - 2,7 триллион теңге. 2,7 триллион теңге Қазақстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан бөлінді. Қытай Халық Республикасы 2,7 миллиард доллар көлемінде несие берілді. Тұтастай алғанда, осы Жолдау жобаларын жүзеге асыруға 7,5 триллион теңге тартылмақ. Осы қаржыларды тиімді пайдалану - Үкіметтің басты міндеті және жауапкершілігі.

«Қиындықтарды еңсеруде біз жалғыз емеспіз. Өзіміздің салмақты сыртқы саяси қызметімізбен біз бүкіл әлем бойынша көптеген достар таптық. Олар бізді қолдап келеді. Сіздер менің сапарларыммен әлемнің жетекші елдерінің көшбасшыларымен келіссөздерімнің куәгерлері болдыңыздар. ҚХР-мен 23 миллиард долларға шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл - 40-тан астам жаңа кәсіпорын салынады деген сөз. Лондон мен Парижге сапарларым да, экономикалық ынтымақтастық тұрғысынан алғанда, табысты болды. Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 11,5 миллиард долларды құрайды. Елімізге Ресей Президентінің сапары біздің дәстүрлі ізгі көршілестік қарым-қатынастарымыздың тұрақтылығы мен беріктігін  және экономикалық интеграцияның дамып келе жатқанын көрсетті. Жапония премьер-министрінің сапары инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетін болады. Бізге тұңғыш рет «Тойота» концерні келіп, Қазақстанда автомобильдер шығарады», деді Елбасы.

Дүниежүзінде біз бастаған реформалар туралы, Жүз қадам туралы жақсы біледі және оларды қолдайды. Біз достарымыздың көңілін қалдырмауға тиіспіз. Бұл реформалар, мен аталған Жолдауда алға қойған олармен өзара байланысты міндеттерді орындау оңай болмайды, мүмкін, тіпті, ауыр соғуы ықтимал. Бірақ, оларға балама жоқ. Егер біз осының бәрін жасамайтын болсақ, онда әлемдік дамудан үмітсіз кейіндеп қаламыз. Бірақ біз, әдеттегідей, белгілегендеріміздің бәрін жасаймыз.

 

Экономиканың қарқынды дамуы еңбек қатынастарының жаңа түрін қалыптастыру үдерісіне айрықша назарды қажет етеді.

Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі қабылданды. Ол Халықаралық еңбек ұйымы мен ЭЫДҰ-ның еңбек стандарттарына негізделген. Еңбек шарты жағдайларын өзгерту ресімдері заңнамалық тұрғыда оңайлатылған, еңбек ұжымдарында өзін өзі басқару жүйесін енгізу бойынша шаралар, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің ұжымдық келіссөздері тетігі қарастырылған.

Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Білім беру үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін болады.

Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы (МИИДБ) жобалары үшін кадрлар даярлау деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданды.

Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет - міндетті медициналық сақтандыруды енгізу. Арқаулық медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсетуде жеке сектордың үлесін ұлғайту есебінен бәсекелестік орта кеңейеді және денсаулық сақтау қызметінің сапасы артады.

Медициналық қызметтің сапасы бойынша бірлескен комиссия құрылатын болады.

Медициналық мекемелерде басқарудың корпоративтік моделін енгізу қарастырылған.

Сол сияқты мұқтаж тұрғындарға оның атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін оңтайландыру жоспарланып отыр.

Мұндай көмек табыстары отбасының әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен 50 пайыз төмен отбасыларына көрсетілетін болады. Сонымен бірге көмек алушылар жұмыспен қамтуға ықпал ету және әлеуметтік бейімделу бағдарламаларына міндетті түрде қатысатыны туралы әлеуметтік келісімшарт бекітеді.

Әлеуметтік көмек көрсетудің мұндай түрлері мен қағидаттары 2018 жылдан бастап енгізіледі.

Бүтіндей алғанда, жаңа әлеуметтік саясаттың аса маңызды қыры адам әлеуетін дамытуға инвестициялардың біртіндеп өсіп отыруына байланысты болмақ.

Қаржыландыру көлемін арттыра отырып, Жұмыспен қамтудың жол картасы өзекті етіле түседі. Оның бағдарламаларына қатысу еңбекке қабілетті халыққа қысқа мерзімді қайта даярлау курстарынан өтуге, өзінің біліктілігін арттыруға, шағын несие алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Жаһандық дағдарыстың ағымдағы ықпалына байланысты объективті қиындықтарды еңсеруге жағдай жасайды.

2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыру басталады. Оған қатысу, әсіресе, жас қазақстандықтарға олардың өмірлерінде кәдеге асатын арқаулық еңбек дағдыларын алуға жағдай жасайды.

Соңғы жаңалықтар