Шымкент қаласында полицияның 722 қоғамдық көмекшісі жұмыс істеуде
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат. Шымкент қаласында «Жол картасы» бағдарламасы бойынша дағдарысқа қарсы кешенге сәйкес қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы іске асырылатын «Жастар практикасы» қоғамдық жұмыстар шеңберінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсету үшін ағымдағы жылдың шілдесінен бастап полиция қызметкерлерімен бірлесіп,
полицияның 722 қоғамдық көмекшісі өз қызметтерін жүзеге асыруда. Олардың көбі 25 жастағы жігіттер мен қыздар, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.
Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД қоғамдық көмекшілерге ақшыл-көк түсті кеудеше мен «Полицияның қоғамдық көмекшісі» деген жазуы бар жеңге тағатын, сондай-ақ омырау белгілерін дайындады.
Пәтерлер, автомобильдер және ұялы телефондарды ұрлаудың алдын алу мақсатында полицияның қоғамдық көмекшілерінің көмегімен барлық жатын аумақтарды қамту туралы шешім қабылданды, бұл ретте бірнеше көп қабатты үйлерге кеңінен бақылау шегінде екі қоғамдық көмекшіден бекітілген. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция көмекшілері «102» қызметі арқылы наряд жетекшілеріне хабарлайды.
Қоғамдық көмекшілер қалада патрульдеу кезінде үлкен көмек көрсетеді. Осылайша, күндіз патрульдеу бағыттарына қоғамдық көмекшілер қойылғаннан бастап күндізгі уақытта қызмет өткеретін патрульдік полиция жасақшыларының көбі кешкі және түнгі ауысымдарға ауыстырылды.
Қазіргі уақытта қоғамдық көмекшілер 7 қылмысты ашуға көмек көрсетті, олардың көмегімен шамамен 70 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жұмыстың қорытындысы бойынша 40-қа жуық полицияның қоғамдық көмекшілері Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД бастығының бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.