Шымкент қаласындағы сәбилер үйінің 8 баласы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Шымкент қаласындағы сәбилер үйінің 8 тәрбиеленушісі жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Шымкент қаласындағы сәбилер үйінің 8 баласы жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, кеше, сәуірдің 25-і күні кешқұрым Әл-Фараби ауданы, Химфарм кентінде орналасқан Қалалық оңалту орталығының (сәбилер үйі) 4-12 жас аралығындағы 8 тәрбиеленушісі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

Олардың барлығы астарына сүтті тағам қолданылған. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық.