Шымкент қаласының соттары қызметтік көліктерін таксиге алмастырды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының соттары қызметтік көліктерін таксиге алмастырды. Бұл бастаманы соттар бюджеттік шығындарды үнемдеу мақсатында қолға алып отырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Шымкент қаласының соттары қызметтік көліктерін таксиге алмастырды

Соттар 6-шы мамырдан бастап жұмыс уақтысында таксимен жүретін болды.

Қалалық соттар Әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесовтың сөзінше, мұндай жаңашылдық бюджеттік шығындарды кемінде 2 есеге қысқартады.

«Бұдан былай, жаңа қызметтік көліктерді сатып алудың, оларды жаңартудың, сервис пен жөндеу жұмыстарына шығындалудың, жанар-жағармай сатып алудың, сонымен қатар штатта көлік жүргізушісі бірліктерін қамтудың қажеті болмайды. Таксиге ауысу арқылы, қызмет бәсекелестік ортаға бағыт алып, сол арқылы шағын және орта бизнестің дамуына қолғабыс болады»,- дейді Нұрсұлтан Байтілесов.

null