Шымкент көшелерін су басты

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Толассыз жауған жаңбыр салдарынан Шымкент көшелерін су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Нөсер жаңбыр салдарынан кей көшелерде адамдардың жүріп-тұруы қиынға соғуда. Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан көлік және жаяу жүргіншілер жолдарын су басқанын көруге болады.

«7 қарашада ауа райы бұзылып, жаңбыр жауатыны алдын ала ескертілген болатын. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне түскен хабарламалар бойынша күштер мен құралдар жіберіліп, жаңбыр суы басқан аумақтардан суды шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр», -делінген Шымкент қаласы ТЖД таратқан ақпаратта.

Ал желіде жарияланған видеоға тұрғындар түрлі комментарий жазып жатыр: «Жазда Техас, күзде Венеция»,«Қала кез келген ауа райына дайын емес», «Ирригациялық су арналары дұрыс емес», «Жаңа бір көлік су лотогына құлап кетті».




Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар