Шымкент лицейінің түлегі Кореяда жыл студенті атанды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкенттегі қазақ-түрік лицейінің түлегі Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және техника университетінің (UNIST) «Жыл студенті - 2016» атағын жеңіп алды. Бұл туралы жаңалықты Фейсбукте парақшасында Нұрбол Төлеубаев бөлісті.
None
None

«Сүйінші хабар!!! Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі Батырхан Дәулет Оңтүстік Кореядағы UNIST университетінің жыл студенті-2016» атағын жеңіп алды», деп жазды ол құттықтауында.

Аталмыш ЖОО сайтында «Қазақстандық студент Дәулет Батырхан (Жаратылыстану ғылымдары мектебі)  және ганалық студент Стивен Корантенг Окронипах  (Электр-есептеу техникасы мектебі) биылғы үздік  шет ел студенттері атанды», делінген.

null  

null 

Соңғы жаңалықтар