Шымкент маңындағы саяжайда жеке үй жанып кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат- Шымкент маңындағы саяжайда жеке тұрғын үй жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шымкент қаласының маңындағы Қайнар бұлақ саяжайында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Жалпы көлемі 100 шаршы метр болатын жалын үйдің шатырын түгел шарпыған. Сондай-ақ, үй ішіндегі заттар да толығымен өртенген. Өрт сөндірушілер 50 литр газ баллонды қауіпсіз жерге алып шықты.
«Өрт сағат 10:11-де оқшауланып, сағат 10:51-де сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 16 қызметкері мен 3 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.