Шымкент мектептеріне Тәуке хан, Абай есімі берілмек

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы 4 мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің тиісті Қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласындағы № 28 мектепке – Фариза Оңғарсынованың, №80 IT мектеп-лицейіне – Ақселеу Сейдімбектің, №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясына – Абайдың, Х.Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектебіне – Тәуке хан есімі берілсін», - делінген Үкімет қаулысында.

Айта кетейік, бұл уақытқа дейін Қостанай облысындағы 4 мектепке Ұлы Абайдыңесімі берілетінін жазып едік.


Соңғы жаңалықтар
telegram