Шымкент мейрамханасында атыс болып, бір адам қаза болды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат –Шымкент қалалық Полиция департаменті мейрамханалардың бірінде болған атысқа қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«10 тамызда Қазиев көшесінде орналасқан «Гранд-Прага« мейрамханасында оқ атылды. Алған жарақаттарынан жәбірленушілердің бірі оқиға орнында қаза болып, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) және ҚР ҚК 287-бабы (атыс қаруын заңсыз сақтау, алып жүру және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген мәліметте.

Мәлім етілгендей, жедел іс-шаралар барысында болған оқиғаның мән-жайы мен күдіктілер анықталды.
«Оларды ұстау бойынша шаралар қабылданды», - деді полициядан.


Соңғы жаңалықтар