Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталуға жақын

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент мұнай өңдеу зауытында басты технологиялық операция - каталиттік крекинг реакторына шикізат қабылдау жұмысы орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту аяқталуға жақын

Осы арқылы зауытты жаңғырту және қайта құру жобасының соңғы кезеңі басталды.

«15 тамызда сапасы жоғары өнім шығаруды бастадық. Американың UOP компаниясының технологиясы негізінде жылына 2 миллион тонна шикізат беру қуатына ие RFCC каталитикалық крекинг қондырғысы орнатылды», - дейді кәсіпорын өкілдері.

RFCC кешені зауытта мұнайды өңдеуді одан әрі тереңдетуге, сапасы жағынан К-4 және К-5 экологиялық кластарына сәйкес келетін бензин мен дизель өндіруге мүмкіндік береді.

Шымкент МӨЗ жаңғырту жобасы, жоспар бойынша, 2018 жылдың қыркүйегінде аяқталуы тиіс.
null