Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы қашан аяқталады

None
Фото: gov.kz
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «ПКОП» ЖШС Шымкент мұнай өңдеу зауытына ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, сапар барысында ҚР Энергетика вице-министрі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кеңес өткізді.

Жиында қатысушылар жұмыс жоспарын талқылады және ҚР Энергетика министрлігі тарапынан зауыттың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бөлігінде одан әрі іс-қимыл жоспары бойынша ұсынымдар берілді.

Қазіргі уақытта зауытта бензиндердің каталитикалық риформинг қондырғысында пластиналы жылу алмастырғышты қосу бойынша операциялар жүргізіліп жатыр.

Осы операцияны орындау үшін мұнайды бастапқы өңдеу, дизель отынын және авиациялық отынды гидротазарту қондырғылары ыстық айналымға ауыстырылды.

Мазутты терең өңдеу кешені штаттық режимде жұмыс істеп тұр, автобензин мен дизель отын шығаруда, мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту өтінімге сәйкес жүзеге асып жатыр.

Зауыт басшылығының ақпаратынша, пластиналы жылу алмастырғышты жұмысқа қосу операциясы 23 шілдеде аяқталады.

Содан кейін 24 шілдеде қалыпты технологиялық режимге шығарылады.


Соңғы жаңалықтар