Шымкент орталығындағы дәмхананың шатыры жанып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттің орталығында «Макси Бургер» дәмханасының шатыры жанып кетті. Түнгі уақытта болған өрт кезінде дәмханаға келушілер өз беттерінше сыртқа шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент орталығындағы дәмхананың шатыры жанып кетті

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт шыққаны туралы хабарлама кезекші бөлімге кешкі сағат 21:55-те түскен.

«Жалын 150 шаршы метр аймақты шарпыған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар саласының 24 қызметкері мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылған. Сағат 22.21-де өрт вуыздықталып, сағат 22.45-да толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығынның мөлшері анықталуда» делінген хабарламада.

null