Шымкент пен Ташкент арасына күн сайын қатынайтын автобус ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қаңтарда Шымкент-Ташкент халықаралық автобус бағдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  ҚР ИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент пен Ташкент арасына күн сайын қатынайтын автобус ашылды

Аталған бағыт бойынша қалааралық жайлы автобустар сағат сайын күнделікті таңғы 6-дан 20:00-ге дейін жүреді. Аялдамай жүрген автобус діттеген жерге 4 сағатта жетеді.

Автобус пен ондағы жолаушылар және қол жүктері кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өткізілед.

Қазақстан жағынан KazNetworkBus ЖШС, ал Өзбекстан жағынан  ManzaraTourism ЖШҚ тасымалдаушылар болып белгіленген.

Сондай-ақ, 2018 жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында кезең-кезеңмен тұрақты автобус қатынасы іске қосылады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды тасымалдайтын автобус қатынаған жоқ.

Еске салсақ, Шымкент-Ташкент бағдары бойынша тұрақты халықаралық автокөлік тасымалын жасау рұқсаты 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілді.