Шымкент тұрғындары 10 сағат бойы жылусыз қалды
АНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғындары 10 сағат бойы жылусыз қалды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, кеше сағат 18:10-да Қарасу шағын ауданында сорғы стансысында электр энергиясы апатты жағдайда сөніп, нәтижесінде жылу жүйесінен су айдау қызметі тоқтап қалды. Соның салдарынан қаланың 3 көшесінде орналасқан 11 тұрғын үй жылусыз қалды.
«Бүгін түнде сағат01:52-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Ал сағат04:00-де жылумен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді», - делінген министрлік ақпаратында.