Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда. Қоғам арасында  іріткі салар жазбалар таратқан деген айыпталушының ісі қаладағы Абай аудандық сотында қаралуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмді насихаттағаны үшін сотталуда

Абай аудандық сотының мәліметінше, сотталушыға ҚР ҚК-нің 174-бабы 1- бөлігімен (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) айып тағылып отыр. 29 жастағы айыпталушы әлеуметтік желіде «Мүслім Мүслімов» есімді жалған атпен тіркеліп, соңғы 4 жыл көлемінде діни тақырыпта алауыздық тудыратын жазбалар таратып отырған.

Ал, «Вконтакте» желісінде Бағдат Ділмұрат Әбу Мұхаммадтың ұлтараздыққа уағыздайтын аудио және бейнежазбаларын насихаттаған.

Сотқа дейінгі арнайы сараптамалар оның кінәлі екендігін толық дәлелдеді.