Шымкент тұрғыны неке түнінде әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны неке түнінде әйелін өлтірді деген күдікпен екі айдан кейін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде ҚР Президентінен және Бас прокурордан қызының өліміне қатысы бар күдіктінің ұсталмай жатқанын айтып, бейнеүндеу жасаған ананың видеосы тарады.

Сондай-ақ, оқиға туралы құқық қорғаушы, Президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек өз Facebook парақшасында жазба қалдырып, көмек сұраған ананың видеосын жариялады.

Ал, бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өліміне күдікті ер адам ұсталғанын хабарлады.

26 маусымда Шымкент қаласы полиция департаментінің әл-Фараби аудандық жедел жәрдем бригадасынан 30 жас шамасындағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы мәйіттің 32 жастағы азаматша екенін анықтаған.

Аталған жайт ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

«Қылмыстық іс бойынша 38 жастағы азамат күдікті ретінде танылып, іздеу жарияланған болатын. 27 тамызда ол ұсталып, әл-Фараби аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр» делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар