Шымкент тұрғыны ойын терминалдарын заңсыз орнатып, табыс тауып келген

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте заңсыз ойын терминалдарын орнату фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкент тұрғыны ойын терминалдарын заңсыз орнатып, табыс тауып келген

Ақпараттық технологияларды дамыған дәуірінде казино, букмекерлік кеңселер, лоторея мен тотализаторға деген қызығушылық патологиялық тәуелділікке - лудоманияға ұшыратады.

Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде заңсыз ойын жерлерін және құмар ойындарының заңсыз сайттарын анықтап, бұғаттайды.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті қала тұрғынының сары-жасыл түсті терминалдарды заңсыз орнату фактісінің жолын кесті.

Е. Темірбайұлы терминалдарды bm.inbet.cc сайтына қосып «Кено», «Х Кено», «Бинго», «Фортуна», «Маймыл», «Шарик» және басқа құмар ойындарын заңсыз ұйымдастырған.

Сот үкімімен 1 жылға бас бостандығы шектелді.