Шымкент тұрғыны туған інісі мен келінін көлігімен қағып кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген тұрғын туған інісі мен келінін мерт қылды. Қайғылы оқиға 26 наурыз күні Алматы -Ташкент -Термез тасжолының Шымкент қаласына қарасты аумағында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент тұрғыны туған інісі мен келінін көлігімен қағып кетті

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, мас күйде көлік басқарған 58 жастағы жүргізуші ВАЗ-21074 автокөлігімен екі бірдей туысын қағып кеткен. Салдарынан өзінің 56 жастағы інісі мен 55 жастағы келіні оқиға орнында қаза тапты. Қазір өңірдің Ішкі істер департаментіне қарасты жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен іс қозғалды.