Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны жалған алкоголь өнімін сатқаны үшін сотталды

«Заңсыз кәсіпкерлік қызметімен айналысу және жалған алкоголь өнімін сату дерегі бойынша Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот үкімі шықты»,- делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған алкоголь өнімін жасау бойынша жасырын цех қызметін ұйымдастырған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды.
Цехті тексеру барысында 3000 литр спирт, 7800 литр құрамында спирт бар сұйықтық, 19 050 шөлмек алкоголь өнімі, 295 561 дана есептік-бақылау маркалары, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуда пайдаланылатын түрлі ыдыстар және алкоголь өнімін құятын құрылғы анықталды.
Еңбекші ауданы сотының үкімімен Шымкент қаласының тұрғыны ҚР ҚК 214 бабы 1 б. және 233-бабының 2 б. сәйкес кінәлі деп танылды, алынған заттар тәркіленіп, айыппұл салынды.