Шымкент жатақханасында 1-курс студенті көз жұмды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі жатақханада студент көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы полициясының кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасынан хабар түскен.

Онда колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны айтылған.

Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Салдарынан ол кенеттен өзін нашар сезінген.

Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жас жігітке көмек көрсетіп үлгермеді.

Әл-Фараби АПБ қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.


Фото: polisia.kz



Соңғы жаңалықтар