Шымкент жүрек орталығы Назарбаев Университетінің меншігіне өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Шымкент жүрек орталығының» мемлекет иелігіндегі 100% акциясы Назарбаев Университетінің меншігіне берілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент жүрек орталығы Назарбаев Университетінің меншігіне өтеді

«Шымкент жүрек орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетінің 100 пайызы Шымкент қаласының коммуналдық меншiгінен шығарылып, Назарбаев Университеті дербес білім беру ұйымының меншігіне өтеусіз негізде берілсін. Шымкент қаласының әкімдігі Назарбаев Университетімен бірлесіп, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжат 28 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің меншігіндегі 516 млн теңгенің мүлкі Назарбаев Университетіне берілетінін жазып едік.