Шымкент зообағында түйеқұстың 6 балапаны жұмыртқаны жарып шықты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент зообағының тарихында алғаш рет жұмыртқалардан түйеқұс балапандары жарып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент зообағында түйеқұстың 6 балапаны жұмыртқаны жарып шықты

Қуанышты жаңалықпен хайуанаттар бағының баспасөз хатшысы Дастан Баширов бөлісті. Оқиға бір айдан астам уақыт бұрын болған. Түйеқұстың 6 балапаны жұмыртқаны жарып шыққан. Барлығының жағдайы жақсы. Дәл қазір инкубаторда қосымша 6 жұмыртқа бар. Олардың барлығы - африкалық 5 түйеқұстың төлі. 

«Түйеқұстың жұмыртқалары ірі келеді, әрқайсысының салмағы - 1,5 келі. Ересек түйекқұстар - ең үлкендері, олардың бойы 2,7 метр, салмағы 130 келіге дейін барады.Түйеқұстар көбіне шөлейт жерлерді мекен етеді, жылдамдықтары сағатына 72 шақырымға жетеді», - дейді Д. Баширов.

nullnull