Шымкент зообағындағы аңдар өліп жатыр

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент зообағындағы аңдар өліп жатыр. Алдымен аша тұяқты бөкен, кейіннен оңтүстікамерикалық қолтырауын жан тәсілім еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Шымкент зообағындағы аңдар өліп жатыр

Әзірге зообақ мамандары бауырымен жорғалаушының және дала аңының не себепті өлгенін ашып айта алмай отыр. Барлығы арнайы сараптамалардың қортындысы шыққан соң белгілі болатынын айтады.

null

Белгілісі, қолтырауын зообақта 10 жылдай өмір сүрген. Ал, бөкен жуырда ғана жаңадан салынған Африка алаңшасына жіберілген екен. Сол жерде соқтығысып, көкірек тұсымен жарақаттанып қалыпты. Оның ерте өліп қалуына жарақаттары да себеп болуы мүмкін көрінеді.

Еске салайық, қазір зообақты кеңейту шаралары жүргізіліп, кейбір аңдар жаңадан салынған алаңшаларға көшірілуде. Ондағы орындардың аумағы кең әрі аңдардың жүріп тұруына да қолайлы болып отыр.