Шымкенте ардагерлердің құрметіне салтанатты митинг болып өтті

ШЫМКЕНТ. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Шымкенттегі Даңқ ескерткішінің қасында Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған салтанатты митинг болып өтті.
None
None

Жиналғандарды мерекемен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Сергей Тарасенко құттықтады.

 Шымкенттегі Даңқ ескерткіші Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай салынған еді. Қара граниттен жасалған плиталарда соғыс жылдары майданға шақырылған барлық 140 мың оңтүстік азаматтарының есімдері жазылған. Даңқ ескерткішін құру идеясын облыс тұрғындары да бағалағанын атап өту керек - күн сайын мұнда соғыс қатысушыларының ұрпақтары келеді. Ал Жеңіс күнінде мыңдаған адам Отан қорғаушылардың есімдерінің алдында бастарын иді.

 Бүгінде ОҚО-да Ұлы Отан соғысының 914 қатысушысы мен 1 031 әскердің жесірлері тұруда. «Биылғы жылы ардагерлеріміздің демалысы мен сауықтырылуына бюджеттен 350 млн. астам теңге бөлінген. Тыл ардагерлерін қосқанда 9 мыңнан астам адамның облыс шипажайларында денсаулықтарын түзететіні жоспарланып отыр», - деді ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов.

Соңғы жаңалықтар