20:24, 05 Мамыр 2020 | GMT +5
Шымкенте коронавирус анықталған әйел карантиндік стационарда жатқан
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін сағат 17:30-дағы жағдай бойынша, Шымкент қаласында 1 әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды.

«Вирус жұқтырған адам 1987 жылғы әйел, өзіне дейін вирусты жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы қойылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде»,-делінген Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабының хабарламасында.
Жедел штабтың мәліметтеріе қарағанда, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта Шымкентте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 216 адам анықталған.